Отыз жылдыққа тарту

Қысқаша

Отыз жылдыққа тарту

25.jpg

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл толуына орай Ордабасы аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Бөржар ауыл тұрғындары арасында “Қажымұқан барысы" турнирі өтті.

Жарысқа қатысушылар арқан және арба тарту, бөрене мен кір тасын көтеру, қол күрес және өгіз тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынады.

Қара күш сыналған тартысты додада мықтылар анықталып, жүлдегерлерге Қажымұқан Мұңайтпасұлының мүсіні, диплом, медаль және біріңғай спорттық киімдер тапсырылды.

 “Қажымұқан барысы” турнирі бекітілген кестеге сәйкес барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, ақтық сайыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан орталығында өтеді.

Сондай-ақ, Ордабасы ауданында «Ел іші өнер кеніші» атты тақырыппен өнер фестивалі шымылдығын түрді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараны аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов ашып, қатысушыларға аудан басшысының ізгі ниетін жеткізді. 

Фестивалдің алғашқы қатысушылары Қарақұм ауылдық округінің өнерпаздары болды. 

Қазылар алқасының назарына алдымен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Бағдарлама барысында ауылдың 30 жылда жеткен жетістіктері баяндалды. Сонымен қатар, ұмытыла бастаған "Төркіндеу" дәстүрі сахналанды. Сыбызғы, домбыра, әсем ән мен әдемі би көрермен көңіліне мереке сыйласа, жас ақындардың Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы өлеңдері арнайы көрініспен көркемделді. 

 Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырма-жоспарына сәйкес бастау алған шара 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланып, жеңімпаздар анықталатын болады. 


    A+
Уақыты: 2021-05-16  Айдарша: Өңір
TAG: