Жолда жүру ережесін үйретті

Қысқаша

Мектеп инспекторлары қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келеді. Оның қызметі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, оларды бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау болып табылады.

Screenshot_10.png

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.  Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететіні салдарынан бұзылады. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.

Мектеп инспекторлары қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келеді. Оның қызметі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, оларды бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау болып табылады. 

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Ерғали Нұрмаханов Қайнарбұлақ саяжайындағы №125 мектептің бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелері туралы сабақ өткізді. Түрлі көрнекі құралдармен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, балалардың белсенді қатысуын қадағалады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Іс-шара барысында мектеп инспекторы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді. Сондай-ақ, жол жүру ережесі түсіндіріліп, оқушылар арасында құқықтық мінез қалыптастыру жайы сөз болды. 


    A+
Уақыты: 2021-04-23  Айдарша: Өңір
TAG: