Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жұмаханбетовтің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 23 сәуірі мен 21 мамыр аралығында «Жүк көліктері» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты қылмыстың және құқықбұзушылықтардың алдын алу, жол көлік-оқиғаларын болдырмау, көлік жүргізушілердің арасында жолда жүру тәртібін арттыру, жолдарды бүлдіру және ластау, жүк көліктеріне тиым салынған жерлерден жүру секілді құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерімен қаладағы Темірлан тас жолы көшесінің бойында «HOWO» маркалы автокөлігі анықталып, тоқтатылды. Жүргізушіге мамандар бұл жағдай заңсыз екендігін байыппен түсіндірді.
Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қытысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 593-бабы 1-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы ретте жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.