«Жас маманның» демеуін көріп отыр

Қысқаша

Жалпы «Жас маман» жобасын жүзеге асыру үшін шаһардағы 2 колледжге 646 624 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. Ал биыл 5 колледжге 1 млрд 700 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға сапалы кадр даярлауға мүмкіндік беретін жабдықтар жеткізілмек.

Screenshot_6.png

Шымшаһардағы жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің ұжымы киім-кешек және түрлі бұйымдардың түр-түрін тігуде. Білім ордасының «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан тігін шеберханасы бар.

Орта арнаулы жұмысшы мамандығын оқытатын оқу орны былтыр  «Жас маман» жобасына қатысып жеңімпаз атанған. Нәтижесінде 371 миллион теңгеге теңдесі жоқ тігін құралдарын сатып алған. Жапондық «JUKI» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарының тілін меңгеру үшін әуелі колледждің 30 маманы арнайы оқудан өтті. Сертификатпен расталды. Құзіреттілік орталығы инновация игілігін игеріп, технология тәжірибесін енгізу мақсатында ашылған. Мұнда қазір «WordSkills» стандарттары бойынша чемпионаттар даярланып жатыр.  Тігін машиналарынан бөлек, шеберханада матаға түрлі ою-өрнек пен жазу жазатын құралдар мен көпфункциялы саймандар сатып алынды. Пандемия көп  іске қолбайлау болып тұр. Соған қарамастан, мелекеттік тапсырыс аясында бірталай киім-кешек тігіп үлгерген. Дәл осындай құрал-сайман, тігін аппараттары тарихта болмаған»- деп, таңданысын жасыра алмады, Ирина Викторқызы. Тәжірибелі ұстаз табаны күректей 45 жылдан бері осында еңбек етіп келеді.

 «1975 жылы осы колледжге оқуға түстім. Енді қазір тігін шеберімін. Студенттерге тігін тігудің қыр-сырын үйретіп жүрмін.Бірақ тап осындай құрал-жабдықтарға қол жеткіземіз деген тек арманымыз ғана еді. Бүгінде сол арманға қол жетті. Елбасыға, Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз. «Жас маман»  мемплекеттік бағдарламасын жасап, сол арқылы осындай мүмкіндіктерге ие болып отырмыз. Ендігісі тек еңбек ету...»,- дейді өндірістік оқыту шебері Ирина Абашова.

Жалпы «Жас маман» жобасын жүзеге асыру үшін шаһардағы  2 колледжге  646 624 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. Ал биыл 5 колледжге 1 млрд 700 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға сапалы кадр даярлауға мүмкіндік беретін жабдықтар жеткізілмек.  

Еске сала кетейік, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында  «Жас маман» жобасы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бұл бағдарлама «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді.



    A+
Уақыты: 2021-04-14  Айдарша: Өңір
TAG: