Мектептерде медиация қызметі ашылды

Қысқаша

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Аналар клубы», «Әкелер клубы», «Ұлдар клубы», «Қыздар клубы» ашылды.

Screenshot_7.png

Оқушылар арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттілік кеңінен тамыр жайған күрделі мәселе. Өзектілігі өшпеген мәселелерге тоқтау салу мақсатында «Мектеп медиациясы» қолға алынып, қолдауға ие болып келеді. Медиация – бүгінгі күннің маңызды трендіне айналған. Медиатор – тәрбиеге мән беретін тәуелсіз тұлға. Медиацияға қатысушы тараптар медиатордың тәжірибесіне, білімі мен іскерлігіне жүгіне отырып, оңтайлы шешім таба алады. Барлық ынталы тараптармен ынтымақтаса әрекет етіп жүрген заманауи білім ошақтары білім беріп қана қоймай, тұлға ретінде тәрбиелеп шығаруы парыз. 

Осы ретте Шымкентте жасөспірімдер арасында қылмыстық оқиғалар жиі орын алатын криминогенді аймақтар анықталды. Олардың қатарында ішімдік, темекі сататын дүкендер, мектеп маңындағы маскүнемдер жиі шоғырланатын орындар, қараусыз қалған ескі каналдар, құрылысы аяқталмаған қауіп төндіретін ғимараттар мен ойынханалар бар. Аталған орындарда полиция инспекторларының жұмысы күшейтілді.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Аналар клубы», «Әкелер клубы», «Ұлдар клубы», «Қыздар клубы» ашылды. 151 мектеп және 11 колледжден медиация қызметі ашылып, 358 педагогқа сертификаттар берілді. Сондай-ақ, білім ұйымдарынан сенім телефондары ашылып, сенім жәшіктері орнатылды. Білім ордаларында 103 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Алдағы уақытта олардың да саны артпақ.

 


    A+
Уақыты: 2021-04-14  Айдарша: Өңір
TAG: