Ағаш отырғызу дәстүрі жалғасуда

Қысқаша

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде қолға алынған игі шараға тұрғындар қуануда. Алдағы уақытта осы отырғызылған ағаштарды күтіп баптаймыз, тек су мәселесі шешілсе болғаны,- дейді Тұрынбет ақсақал.

Screenshot_5.png

Шымкентте «Жасыл қала» ағаш отырғызу дәстүрі жалғасуда. Бұл жолы игі шараны «Nur Otan» партиясының мүшелері ұйымдастырды. Олар Абай ауданына қарасты Шұғыла мөлтек ауданы, Жаңақоныс көшесіне 1700 түп ағаш отырғызды. Ол үшін жұмыс күші мен арнайы техникалар жұмылдырылды.

Аталған игі шарада арнайы Ташкент және Қазығұрт ауданынан әкелінген ағаштар отырғызылды.  Оның қатарында қысы-жазы жасыл кейіппен тұратын шырша, көпжылдық қарағай секілді ағаштар бар.

«Осындай  игі істерді істеуге құлшынып жатқан азаматтардың бәріне алғысымды айтамын. Біздің Қазақстан территориясын үлкен деп айтқанмен 4-5 пайызы ғана орманды болып келеді. Сондықтан да біз қанша тал ексекте артықтық етпейді»,- дейді «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Бертаев .

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде қолға алынған игі шараға тұрғындар қуануда. Алдағы уақытта осы отырғызылған ағаштарды күтіп баптаймыз, тек су мәселесі шешілсе болғаны,-  дейді Тұрынбет ақсақал.

Бүгінде Шымкент қаласының бекітілген жасыл белдеуін дамыту  мақсатында іс-шаралар аясында қалада ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Игі іс-шараға мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары атсалысуда. Осылайша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды бірлесіп көгалдандыру туралы тапсырмасы ойдағыдай орындалып, жыл сайын отырғызылатын көшеттер алаңы ауқымданып, көне шаһар жасыл қалаға айналып келеді.


    A+
Уақыты: 2021-04-14  Айдарша: Өңір
TAG: