Көшелерді жамау жұмыстары жүргізілуде

Қысқаша

Алдағы уақытта қаланың барлық көшелеріндегі шұңқырларды жамау жұмыстары кесте бойынша атқарылады дейді салаға жауаптылар. Бірінші кезекте шұңқырларды жамау жұмыстары көлік ағыны көп магистралды көшелерінен бастау алып, одан әрі ішкі орам көшелерінде жүргі

Screenshot_12.png

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы Шымкент қаласында қарқынды орындалып келеді. Айталық бағдарлама шеңберінде бүгінде үшінші мегаполистің бірқатар көшелері жөнделіп, автожолдар салынуда. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда Рысқұлов көшесінің қиылысынан бастап Өтегенов көшесінің қиылысына дейін Қазиев көшесі, А-2 Хоргос-Алматы-Шымкент автомобиль жолы Бадам өзені көпірінен бастап Қазығұрт шағынауданына дейін, Темірлан тас жолы Алпысбаев көшесінің қиылысынан бастап Аэропорт жолының қиылысына дейін, Жолан батыр, Алпысбаев көшелерінде шұңқырларды асфальт-бетон қоспасымен жамау жұмыстары аяқталған.

Алдағы уақытта қаланың барлық көшелеріндегі шұңқырларды жамау жұмыстары кесте бойынша атқарылады дейді салаға жауаптылар. Бірінші кезекте шұңқырларды жамау жұмыстары көлік ағыны көп магистралды көшелерінен бастау алып, одан әрі ішкі орам көшелерінде жүргізіледі.

Айта кетейік, өткен жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында 230 нысанның орташа жөндеуіне  — 13 179,6 млн теңге бөлініп,   нәтижесінде 307,2 км жол және бір көпір жөнделсе,  жолдарды күтіп ұстауға — 770 млн теңге жұмсалып,  қиыршық тас төсеу — 296 млн теңге бөлініп, қаржы толықтай игерілген болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-04-09  Айдарша: Өңір
TAG: