Шымкентте тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Бұған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тигізіп отырған септігі көп. Бұл елдегі баспана мәселесін оң шешім табуына негіз болмақ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қаладағы құрылыс нысандарын аралады.
Былтырғы жылдың қорытындысымен елемізде 15,3 млн шаршы метр яғни 140 мыңнан астам пәтердің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген. Ал, 2021 жылдың жоспары бойынша 17 млн шаршы метр яғни 163 мың тұрғын үй салынуы қажет. Оның ішінде Шымкент қаласында 1 млн шаршы метр тұрғын үйді құрылыс бітіп, ел игілігіне берілмек
«Асар», «Тұран» мөлтек ауданында және Арғынбеков көшесінің бойында көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Баспаналардың құрылысын бірқатар ірі компаниялар жүргізіп жатыр.Бірінші кезекте сапаға мән беріліп, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау межеленген. Құрылыс сапасы үнемі бақылауда дейді мамандар.
«Жоспарлардың барлығын қарадық, құрылыс орындарын араладық. Тиісті жерлер бөлінген. Байқағанымыз қазіргі таңда инфрақұрылымдар тартылып жатыр»,-дейді Еркебұлан Дауылбаев.
Айте кетейік үй құрылысы электронды жүйесі биылғы жылдан бастап іске қосылмақ. Әрбір құрылыс нысанында тиісті бейнебақылау камералары орнатылып, онлайн режимде бақылауда болады. Салынып біткен тұрғын үйге байланысты барлық ақпараттар электронды форматта серверде сақталады. Кез-келген уақытта сапасына байланысты дау туындаған жағдайда, ақпаратты қарап мәселенің ақ қарасын шешуге мүмкіндік береді,- дейді комитет төрағасының орынбасары.