Коррупциямен күресте жақсы нәтиже бар

Қысқаша

Коррупциямен күресте жақсы нәтиже бар


108.jpg

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пай¬да болу себептеріне көбірек назар ау¬дарылып, алдын алу жұмыстары жүргі¬зілуде. Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн». Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын.  

Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиеваның қатыясуымен өткен жзиында облыс басшысы  Өмірзақ Шөкеев жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы басым бағыттарға тоқталды. Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына мән берді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне назар аударылып жатыр. Жалпы нәтижесі бар.  Барлық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейі 12 айдың қорытындысы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,7%-ға азайып отыр.  Мұның өзі жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сондықтан осылай жұмысты жалғастыра беру керек. Ең бірінші профилактика,  превенция - алдын алу мәселесі,  түсіндіру жұмысы. Соған көбірек көңіл бөліну керек деп ойлаймын»,-деді облыс әкімі.




    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: