Жемқорлықтың алдын алмаса айыппұл салынады

Қысқаша

Жемқорлықтың алдын алмаса айыппұл салынады

109.jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз,-деген болатын. Сонымен бірге президент сыбайлас жемқор¬лық¬пен күрес жауапқа тартылудан қорық¬қан шенеуніктерді дербестік, баста¬ма¬шылдық және жедел әрекет ету қасиет¬терінен айырмауға тиістігін де ескертті. 

 Жалпы соңғы кездері елімізде жемқорлыққа қарсы күресте жазаула емес, алдын алуға баса назар аударылуда. Осы мақсатта   Түркістан облысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиеваның қатысуымен арнайы жиын өтті. 

 «Негізгі мақсатымыз - 5 сәуірінен бастап күшіне енген әкімшілік заңнамадағы түзетулерді түсіндіру. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік органның басшысы жемқорлыққа байланысты алдын алу шарасын қабылданбаса, айыппұл салынады. Немесе мемлекеттік орган, квазимемлекеттік орган басшылары жемқорлықтан бұрын жазасы бар азаматтарды жұмысқа алса,  оған да айыппұл салынады. Заңсыз кәсіпкерлікке араласу және жеке немесе заңды тұлғалар сыйақы беретін болса, ол жерде де айыппұл салынады. Осындай 15 бап бойынша уәкілеттілік берді. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бірнеше тетіктер бар. Талдау, мониторинг жүргізу керек. Ұсыныс беру керек»,- деді Жазира Жақсылыққызы. 

Атап өтері «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасы аясында Түркістан облысында 1352 мемлекеттік мекеменің барлығы 100 % - ға өз бюджеттерін жариялады. Облыс көлеміндегі барлық аудан, қалалар мен басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 280 ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын жүзеге асыру бір терезе қағидаты арқылы азаматтардың мәселелерін кедергісіз шешу мақсатында, облыстағы барлық 16 қала/ауданында сервистік әкімдіктер ашылып, сервистік форматқа көшу мәселесі облысымыздың аудан/қала әкімдіктерімен жүз пайыз қамтылды. 


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: