Шымшаһардың «100 жаңа есімдері» кімдер болмақ?

Қысқаша

Әзімхан сынды бағы мен бабы келіскен 6 үміткер жобада бақ сынамақ. Олардың дені – ғылым-білім, инновация, мәдениет және спорт саласының майталмандары. Әрқайсының қоғамға өзіндік қосқан үлесі зор.

Screenshot_9.png

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылғаны баршаға мәлім. Жоба жалғасуда. Осы ретте Шымкенттің іргелі оқу орны .М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлерін ұсынды. Ел арасында қолдау тапқан жобаға оқу ордасы алты бірдей үздігін үкілеп қосып отыр. 

Әзімхан Исабек университеттегі «Мұхтартану» ғылыми орталығының білікті маманы. Жас ғалым Һәкім Абайдың «Кітап тасдиқ» деп аталатын шығармасына екі томдық түсіндірме кітап жазған. Әзімханның бұл еңбегі қазақ әдебиетіне тың серпін әкелді. Қазір университет шәкірттері оқу бағдарламасында тап осы оқулықты пайдаланып, игілікке жаратып жүр.

«Мен жобаға «Ғылым және инновация» бағыты бойынша үміткер ретінде қатысып отырмын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Маған сенім артқан жандардың үмітін ақтауға тырысамын. Ғылым бар жерде даму болады. Сондықтан аталған бағыттың жүгі де ауыр»,- дейді  Әзімхан Исабек.

Әзімхан сынды бағы мен бабы келіскен 6 үміткер жобада бақ сынамақ. Олардың дені – ғылым-білім, инновация, мәдениет және спорт саласының майталмандары. Әрқайсының қоғамға өзіндік қосқан үлесі зор.

«Мақсатымыз осы алты үміткерімізді қала халқына кеңінен таныстыру, олардың жұмыстары мен жобаларын көрсету»,- дейді  «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Гүлнар Жанысбекова. 

Шара барысында жүз жаңа есімнен үміттілер өз қарым-қабілеттерін көрсетіп,  қал-қадірінше  қолдан келер қарекеттерін екшеді. Айту керек, жоба жеңімпазы дауыс беру арқылы анықталмақ. Жалпы бұл жобаға миллионды шаһардан 70-ке жуық үміткер қатысып, бақ сынауда. Ал, дауыс беру 12-сәуірде аяқталады.


    A+
Уақыты: 2021-04-01  Айдарша: Өңір
TAG: