Жол сапасы бақылауда

Қысқаша

Нұртас мөлтекауданындағы Айбол көшесінде де кемшілік бар. Нысанның асфальтбетон жабындысынан 3 сынамасы алынды. Оның 3-еуі де тығыздалу коэффициенті бойынша талаптарға сай келмейді. Сол себептен мердігер мекеме кепілдік мерзімін 3 жылдан 5 жылға созған.

Screenshot_10.png 

Шымкентте жыл басынан бері 228 көше жөндеу көрген. Оған бюджеттен 26,8 млрд. теңге қаралған. Өткен жылы «Шымкент -адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жол сапасына қатысты 249 нысанға 406 рейд ұйымдастырған. Нәтижесінде 984 кемшілік анықтаған. Бұл жолы сапасын қадағалаушылар шаһардағы Кеңжарық көшесінен сынама алды. Аталған көше  Нұртас шағынауданына қарасты көшелердің бірі.  900 метрлік жол құрылысына мердігер 53 млн. теңге қаржы жұмсаған. Бұған жолды жарықтандыру, жолаяқ салу мен арық-атызды қалыпқа келтіру жұмыстары да кіреді. Қолданысқа берілгеніне бір жыл толмаған көшеден мамандар бірқатар кемшіліктерді анықтаған. 

Жол құрылысын жүргізген - «Достық строй монтаж» серіктестігі.  Сапасыз салынған жолды мердігер жүк көлігінің жүру салдарынан орын алған деп, кемшілікті түзетуге уәде берді. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар барлық кемшіліктер 10 күннің ішінде жойылуы керек дейді. 

Нұртас мөлтекауданындағы Айбол көшесінде де кемшілік бар. Нысанның асфальтбетон жабындысынан 3 сынамасы алынды. Оның 3-еуі де тығыздалу коэффициенті бойынша талаптарға сай келмейді. Сол себептен мердігер мекеме кепілдік мерзімін 3 жылдан 5 жылға созған.

Былтыр «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жөндеуден өткен жолдардан 987 сынама алған. Соның  362-і  талаптарға сай келмеді. Олқылықтың орнын толтыру үшін мердігерлерге мүмкіндік берілді.Сәуірдің 15-не дейін кеткен кемшілік түзетілуі тиіс.

Айта кетейік, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ азаматтардың өміріне қолайлы жағдай жасау.


    A+
Уақыты: 2021-04-01  Айдарша: Өңір
TAG: