Қала әкімі мекемелерді жергілікті өнімді тұтынуға шақырды

Қысқаша

Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.

Screenshot_8.png

Шымкент – бизнеске қолайлы өңір. Шаһардың индустриялық даму потенциалы жоғары. Сондықтан болар мұнда  Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асып келеді. Қаладағы «Тассай» индустриалды аймағында да өңірдің ғана емес ел экономикасының дамуына үлесін қосып отырған кәсіпорындар жетерлік. Солардың бірі дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС. Онда жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі. Жақында  қала әкімі Мұрат Әйтенов аталмыш мекеменің жұмысымен танысқан болатын.

Жоба  2018-2020 жылдары жүзеге асқан. Құны - 300 млн теңге. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады.Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын.Зауыттың жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.


    A+
Уақыты: 2021-04-01  Айдарша: Өңір
TAG: