Шымкентте де балық бар

Қысқаша

Бұдан бөлек, қаламызда балық өнімдерін қайта өңдеу бағыты бойынша «Синяя Волна» ЖШС жылына 14 тонна, «JFM company» ЖШС 250 тоннаға дейін балық өнімдерін өңдеуде.

Screenshot_12.jpg  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін айтқан еді. Осы мақсатта елімізде балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленген болатын. .Бұл ретте, үшінші мегаполисте  аталған саланы қарқынды дамыту қолға алынған. Осы бағытта қала аумағында 2019 жылдан бастап жылына 200 тоннаға жуық «африкалық сом» балығын өндіретін «Алина» шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Онда өндірілетін балық өнімдері қаладағы мейрамханаларға және балық сататын дүкендерге үздіксіз жеткізілуде. Шаруа қожалығының иесі Данияр Рахымжанов бұл межемен тоқтап қалмай, қала аумағындағы су тоғандарды пайдалана отырып, нарықта алтынмен тең бағаланатын «бекіре» тұқымдас балық түрін асырауды жоспарлауда. Бұған қоса, балықтарға арналған құрама жем өндіру цехын құруды да көздеп отыр.

Сонымен қатар, үшінші мегополисте мемлекеттік жеке әріптестік аясында «Текесу» және «Ақжар» су қоймаларында балық шаруашылығын дамыту жобасы іске асырылмақ. Жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба іске қосылғанда жаңадан 200-ге жуық жұмыс орны ашылып, онымен бірге туристік демалыс аймағына айналатын болады.

Бұдан бөлек, қаламызда балық өнімдерін қайта өңдеу бағыты бойынша «Синяя Волна» ЖШС жылына 14 тонна, «JFM company» ЖШС 250 тоннаға дейін балық өнімдерін өңдеуде. Ал, «ККК» ШҚ 60 тоннаға дейін құс еті және мал шаруашылығы өнімдерімен қоса балықтарды ыстап өңдеу цехын іске қосты.

Бүгінде балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар да аз емес. Бұл бағытта «Ал-Тур-Су» АӨК-нің ұсынысы бойынша 2021 жылға балық тұқымдарын өсіруге «Ақбұлақ» су көзінің 2 000 метр ұзындығы мен су қорғау аумағында 50 мың балық шабақтарын өсіріп, өнім алу жоспары бар. Бұл - ең алдымен қала халқына жергілікті өнімді ұсынуға, экспортқа балық өнімдерін шығару және туризм саласының дамуына өз ықпалын тигізеді дейді мамандар.


    A+
Уақыты: 2021-03-25  Айдарша: Өңір
TAG: