Биыл жұмыртқа өндіру көлемі ұлғаяды

Қысқаша

Сондай-ақ, «Тассай құс» ЖШС 50 миллион данаға дейін жұмыртқа өндіруді қолға алуды бастамақ. Бұл жобаға 200 миллион теңге қажет. Ал «Султанкулов» жеке кәсіпкерлігі 500 тонна бройлер құс етін өндіру жобасын іске асырмақ.

Screenshot_10.jpg

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы  үшінші мегаполисте әрмен қарай жалғасуда. Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерінің аса қажетті түрлері бойынша халықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге, экспорттық саясатты айқындауға бағытталған. Сала мамандарының мәліметі бойынша Шымкент қаласында аталмыш бағдарлама аясында ағымдағы жылы мал шаруашылығы, құс шаруашылығын дамытуда бірқатар жобалар іске асырылады. Сондай-ақ мал бордақылау алаңдарының саны артып, жұмыртқа өндіру көлемі ұлғаяды деп күтілуде. 

Атап айтқанда, жетекші кәсіпорындардың бірі «Абдукаримов» ЖК мың басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, 500 басқа арналған жылқы бордақылау жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны – 500 миллион теңгені құрайды.  Жоба жүзеге асқан жағдайда 18 жұмыс  орны  ашылады деп күтілуде. 

Сонымен қатар «Наркулов» жеке кәсіпкерлігі жоба құны 185  миллион теңгені құрайтын 500 басқа арналған мал бордақылау жобасын іске асыруды көздеп отыр. Ал  «Корно» - 1 өндірістік кооперативі 50 басқа арналған асыл тұқымды сүт фермасын құруды жоспарлауда. Жоба құны – 85 миллион теңгені құрап отыр. 

Сондай-ақ, «Тассай құс» ЖШС 50 миллион данаға дейін жұмыртқа өндіруді қолға алуды бастамақ. Бұл жобаға   200 миллион теңге қажет. Ал  «Султанкулов» жеке кәсіпкерлігі  500 тонна бройлер құс етін өндіру жобасын іске асырмақ.

Жалпы биылғы жылы 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165  миллион дана жұмыртқа өндіру күтілуде.


    A+
Уақыты: 2021-03-25  Айдарша: Өңір
TAG: