Гүл өсіру қарқын алды

Қысқаша

Бұл тұрңыдан алғанда қалада гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар.

Screenshot_14.jpg

Ғалымдардың айтуы бойынша қызғалдақтың отаны шырайлы Шымкент қаласы. Мұны тарихшылар да дәлелдеп отыр. Бүгінде қызғалдақ қаланың символына айналған. Қазіргі таңда шаһарда одан өзге де гүлдерді өсіру қолға алынып отыр. Бұл тұрңыдан алғанда қалада гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүл көшеттерін өсіру қолға алынған болатын.

Бұл мақсатта қала әкімдігі мен «ASAR AGRO» кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері арасында болған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осыған сәйкес талдау жұмыстары жүргізіліп, Шымкент қаласын көгалдандыру мақсатында жалпы 1,6 млн дана гүл қажеттілігі анықталған болатын. Бүгінде Асар шағынауданында орналасқан жылыжайға 1 миллион гүлдің дәні егіліп, 60% құрап отыр.

«ЛТД Тұрмыс» ЖШС мамандары тарапынан онда лимон түсті тагетистің 150 мың, қызғылт сары түсті тагетистің 150 мың, сальвияның 200 мың, катарантустың 200 мың және целозияның 150 мың, ал райхан гүлдің 150 мың тұқымы егілді. Егілген гүлдің дәндері 10 күн ішінде жылыжайдағы қалыпты температураға байланысты өсіп шығатын болады. Мұндағы гүл тұқымдары Германиядан алып келінген.

Айта кетейік, жылыжайда асарлық 100 тұрғын жұмыспен қамтылып, жалақыны өз уақытында алуда. Бұл Президенттің Жолдауында көрсетілген өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының жүзеге асуының дәлелін көрсетіп отыр. 


    A+
Уақыты: 2021-03-25  Айдарша: Өңір
TAG: