Жаңаталаптықтар таза ауыз суға қол жеткізді

Қысқаша

Осыдан алты жыл бұрын Сайрам ауданының аумағынан қалаға қосылған елдімекендердің бірі Жаңаталап ауылы болатын.

Screenshot_11.jpg

Қала шетіндегі шағынаудандардың бірі Жаңаталап елдімекеніне таза ауыз судың құбыры тартылуда. Өткен жылы басталған құрылыс, бұйыртса биыл аяқталады деп жоспарланған. Бүгінде жұмыстың 10 пайызы қалып отыр, дейді салаға жауапты мамандар.Бұл құрылыс қала әкімінің тікелей бақылауында тұр.

Осыдан алты жыл бұрын Сайрам ауданының аумағынан қалаға қосылған елдімекендердің бірі Жаңаталап ауылы болатын. Мегополистің аумағына енгелі бері, халық саны күрт өскен шағынауданның,  жаңа құрылыс бөлігі жанданып келеді. Ондағы 200 жуық тұрғын үй бұйыртса, биылғы жылы таза ауыз суға қол жеткізбек.      

«Былтыр ауыз суды кіргізуді бастады.Мамандар  басында биылғы жылға өтпелі деп айтқан болатын. Құдай қаласа жазға қарай таза су ішеміз деген үмітіміз бар»,- дейді Жаңаталап шағын ауданының тұрғыны Ақерке Егізбаева.

Өткен жылдың мамырында басталған мұндағы ауыз жүйесінің құрылысы аяқталуға жақын. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін тәмамдауды  тапсырған, тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме, шалғайдағы шағынауданның сапалы жарық жүйесінің жобалық сметалық құжаттарында дайындап қойыпты.   

«Ауыз су тарту бойынша құрылыс жұмыстарының 90 пайызға жуығы аяқталды. Одан бөлек бізде электр мәселесі бар. Ол бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірленген. Экономика басқармасына өтінім берілді. Қаражат бөлінсе, құрылыс жұмыстарын бастағалы отырмыз»,- дейді  Абай аудандық әкімдігінің бөлім басшысы Мейіржан  Әжедин. 

Жаңаталаппен қатар, мұндағы жақын орналасқан 4 елдімекенге, яғни, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ  шағынаудандарына өткен жылы таза су тарту жұмыстары жүргізілген. Бүгінде аталмыш елдімекендер сапалы суға қол жеткізсе, Жаңаталаптың жаңақұрылысы биылдан қалмай таза ауыз суға қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде, 25 мың халық таза сумен қамтылмақ. Сонымен қатар, сапалы электр жарығы мен көгілдір отынныңда келетін күні алыс емес.   


    A+
Уақыты: 2021-03-13  Айдарша: Өңір
TAG: