Жол сапасы - басты назарда

Қысқаша

Кешенді мониторингтік бақылау жұмысына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері арнайы қатысты. Жол активтері ұлттық сапа орталығының атқарып жатқан жұмыстарының сапасына оң баға берді. Әзірге кемшіліктердің орын алмағанына көз жеткіздік дейді

Screenshot_10.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы жолдардың сапасына мониторинг жүргізді. Бұл жолы Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелері қиылысындағы жолайырық құрылысын мен жаңа көпірдің сапасын тексерді. Шараның негізгі мақсаты – автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.Жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау болып табылады. Кезекті рейдтік шара барысында Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағыжаңадан бой көтеріп жатқан көпірдің сапасы мен қауіпсіздігі сараланды.  

«Қазіргі таңда аталған  көпірдің  бетонды қабырғасының нығыздығы арнайы құралмен тексерілді.  Беріктігі нормаға сәйкес болып тұр. Ешқандай ақау жоқ»,- дейді Сынақ зертханасының меңгерушісі Қайрат Шакиров. 

Кешенді мониторингтік бақылау жұмысына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері арнайы қатысты. Жол активтері ұлттық сапа орталығының атқарып жатқан жұмыстарының сапасына оң баға берді. Әзірге кемшіліктердің орын алмағанына көз жеткіздік дейді кеңсе басшылығы.

Айта кетейік, 2020 жылы "Сапалы жол" жобасы аясында 23  рейдтік іс-шара өткізіліп, 98 кемшіліктерді анықталған. Сол себепті, Жол Активтерінің Ұлттық сапа орталығымен және азаматтық қоғам өкілдері тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда.


    A+
Уақыты: 2021-03-13  Айдарша: Өңір
TAG: