Шымкентті трансплантологиялық орталыққа айналдыруға мүмкіндік мол

Қысқаша

«Онлайн конференцияның берері мол. Себебі, Шымкентті трансплантологиялық ортаққа айналдырудың бұл бастамасы

Screenshot_12.jpg

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты – медициналық туризмді дамыту болып табылады. Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентке соңғы жылдары ем іздеп келушілердің қатары артқан. Басым бөлігі мұндағы білікті мамандарға трансплантология жасатуға келеді. Бұл шаһарда медицина туризмінің дамып келе жатқандығын білдірсе керек.

Жақында медициналық туризмді дамыту мақсатында Шымкентте алғаш рет дәрігерлер арасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шарада №1 қалалық клиникалық ауруханасы, ОҚМА және Мәскеу қалалық Н.В.Склифосовсий атындағы жедел-жәрдем ғылыми зерттеу институтының ғалымдары белсенділік танытты. Cондай-ақ, жиынды онлайн форматта көршілес мемлекеттердің дәрігерлері тамашалады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе трансплантология және Шымкенттегі жедел-жәрдем қызметінің дамуы болатын.

Конференцияның алғашқы күнінде Ресейден келген медицина мамандары,  №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА аясында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Алдағы 3 күнде  шетелдік ақхалаттылардың қатысуымен шеберлік сағаты өтеді. Сондай ақ, жедел-жәрдем қызметінің мамандары Мәскеу қалалық Н.В.Склифосовсий атындағы ғылыми зерттеу институтында біліктілігін шыңдайды.

«Онлайн конференцияның берері мол. Себебі, Шымкентті трансплантологиялық орталыққа айналдырудың бұл бастамасы. Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда біздің бұған қауқарымыз жетеді. Дәрігерлер дайын. Құрал-жабдықтар толық жеткілікті»,- дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Шымкентті медициналық туристік орталыққа айналдыру керек. Оған дәрігерлердің біліктілігі де, құрылғылардың қуаттылығы да жетеді. Осылай деген қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Шымкенттегі медициналық мүмкіндіктерді одан әрі жетілдіру керектігін жеткізді. Әсіресе трансплантология саласындағы Республикада көш басында тұрғанымызды тілге тиек етті.

Еліміз бойынша 3500 адам бауыр, бүйрек ауыстыру бойынша кезекте тұр. Шымкентте жылына 500-ге жуық ота жасалады екен. Жергілікті ақхалаттылардың көмегіне қала тұрғындарынан бөлек, республиканың барлық аймағынан және шетелдік науқастар да жүгінеді. Бұл шаһардағы медицинаның жедел дамуының жетістігі.


    A+
Уақыты: 2021-03-13  Айдарша: Өңір
TAG: