Жастарды шыңдайтын бағдарламаға қатысушылар көп

Қысқаша

«Алты айлық тәжірибеден кейін осы орталықта тұрақты жұмысқа орналасуға ниетім бар.

Screenshot_9.jpg  

«Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын сезінгендер көп. Қалалық жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері 500-дей азаматты нақ осы бағыт бойынша жұмысқа орналастырды. 6 ай мерзімге жұмысқа жолданған жастар ай сайын 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде еңбекақы алып отыр.

Қуаныш Серікбай М. Әуезов атындағы оқу ордасының түлегі. Театр ұжымына жетекшілік жасау бойынша жоғары білімді азамат қазір «Жастар орталығында» еңбек етіп жүр. Жұмысына қарай ай сайын жалақысын алады, әрі іс-тәжірибесін арттырады. Алғашқы келген күннен бастап, Қуаныштың еңбекқорлығына қызыға қарайтындар көп.

«Алты айлық тәжірибеден кейін осы орталықта тұрақты жұмысқа орналасуға ниетім бар. Мұнда жастармен жұмыс жасау маған ұнайды», -дейді Қуанышты орталық басшылығы да  тұрақты жұмысқа қабылдаймыз деп отыр.

«Жастарды осы жобаға қатысуға шақырамын. Бағдарлама біріншіден тәжірибесі жоқ жастарға білікті маман болуға мүмкіндік береді және тұрақты жұмыс табуға көмекші болады»,- дейді  «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Ерлан Әлжанов.  

 Қуаныш секілді 472 маман «Жастар парактикасы» бойынша жұмысқа жолдама алды. Айту керек, бұл бағдарламаға  29-жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар азаматтар қатыса алады.

«Жастар практикасы»  «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында жүзеге асып келеді. 2020 жылы 3 мыңға жуық жұмыссыз жастар осы бағдарлама бойынша түрлі мекемелерге жұмысқа жолдама алды»,- дейді  Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Майя Әлібжанова.  

Жыл соңына дейін бұл бағыт бойынша қалада 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

 


    A+
Уақыты: 2021-03-13  Айдарша: Өңір
TAG: