Соңғы бірнеше жылда Қазақстан жаңа проблема – діни экстремизм және терроризм проблемасымен қақтығысты. Бұл көрініс қазіргі заманда халықаралық ауқым алды және бүгін басты қатерлердің бірі.
Түркістан облысы ҚАЖ Департаменті Сайрам аудандық пробация қызметі бөлімі қызметкерлері және Түркістан облысы ПД Сайрам аудандық ПБ-нің криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе түрде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін қылмыстық жазаның бұлтатрпастығы туралы Сайрам аудандық пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осы жұмыстың шеңберінде, 2020 жылдың 28 тамызында Сайрам аудандық пробация қызметі бөлімінде пробация қызметкерлерімен және Түркістан облысы ПД Сайрам аудандық ПБ-нің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта қоғамдағы, бәрінен бұрын жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға, сондай-ақ халықта конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған зайырлы мемлекет-Қазақстан Республикасының дәстүрлеріне және мәдени құндылықтарына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Қоғамда экстремизм және терроризм идеологиясын қабылдамау, құқыққа қарсы діни қызметке жол бермеу, терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарлау фактілерінің алдын алу және ескерту санасын қалыптастыру мақсатында, тұрақты негізде осы тақырып бойынша құқық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР ҚК-нің 273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу; түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатыны түсіндіріліп ескертілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді, діни жағдай туралы, Қазақстан Республикасындағы діни қызмет саласындағы заңнама туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметіне тартуға немесе қатысуға жол бермеу, халықтың құқықтық және діни мәдениетін арттыру, азаматтардың мемлекеттік құрылымдар құзырлы өкілдерінің ресми көздерінен дұрыс ақпарат алуға конституциялық құқығын жүзеге асыру.
Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті
Сайрам аудандық пробация қызметі бөлімі бастығы Қ.Шамшиев