Сайрам: Жаңа емхананың ашылар күні алыс емес

Қысқаша

Сайрамда тағы бір жаңа жекеменшік емхана бой көтермек. Емхана ауданға қарасты Арыс ауы

На изображении может находиться: небо и на улице

Сайрамда тағы бір жаңа жекеменшік емхана бой көтермек. Емхана ауданға қарасты Арыс ауылдық округінде салынбақ. 

Аудан әкімі Уласбек Садибековке жеке кәсіпкер Файзимат Низамов «Низам ата» жеке емханасының құрылыс жұмыстарын таныстырды.

Сондай-ақ, аудан басшысы Қожақорған елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Улуғбек Садиковтың лаваш шелпегін шығаратын цехына және Ж.Меңлібаевтың екі өнім алатын «Толкинжан» шаруа қожалығына барды.

Өзін өзі жұмыспен қамтып отырған ауыл тұрғындарының еңбегіне табыс тілеген Ұласбек Сәдібекұлы олардың ұсыныс-тілегі аясында да мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.

Арыс ауылдық округін аралау барысында Ұ.Сәдібеков мектептердің жылу маусымына дайындығы мен өзектендіру жұмыстарының аяқталғанына көз жеткізіп қайтты.

Жаңа емхана ауырып ем іздеген халыққа сапалы ем-дом жасап, тиісті қызмет ететін болады. Емхананың құрылыс жұмыстары ендігі басталып кеткен, көп ұзамай жұмысын бастайтынына сенеміз.

    A+
Уақыты: 2020-09-02  Айдарша: Өңір
TAG: