Сайрам: Мемлекеттік жоба аясында 3 жоба қаржыландырылды

Қысқаша

Сайрам ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылы

Шымкентте

Сайрам ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отырған кәсіпорындар қатары жылдан жылға артып келеді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы 13 жоба,  ал биылғы жылдың 6 айында 3 жоба бюджет есебінен қаржыландырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасуда, биылғы жылға бағдарламаға 20 жобаны қатыстыру жоспарланған.

Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15189 бірлікті құрап, кәсіпкерлік субъектілерімен 36,5 млрд теңгеге өнім өндіріліп (2019ж.- 29,2 млрд теңге), өсім 25%-ға жетіп отыр. Бұл салада 22,8 мың адам жұмыспен қамтылған.

Ауданға жыл басынан 11,0 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде 63%-ы бюджеттік емес инвестиция. Облыста бұл бағытта Сайрам ауданы үлес бойынша 3 орында.

Айта кетейік, аталған бағдарламаға шағын және орта бизнес субъектілері де, ірі бизнес өкілдері де қатыса алады. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 10 жылға дейін 15 пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 проценті ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 6 және 5 пайызбен өтейді.

    A+
Уақыты: 2020-08-26  Айдарша: Өңір
TAG: