Өнеркәсіп – Қазақстанның халық шаруашылығының жетекші саласы. Ол республикадағы қоғамдық өнімнің жартысын береді.
Сайрам ауданында халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы бүгінде күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр.
Аудан экономикасына серпін беретін негізгі салалардың бірі өнеркәсіп саласында соңғы 6 айда 13,6 млрд теңгеге өнім өндірілген, өсім 35%-ға жеткен. Облыс көлемінде ауданымыз үлес бойынша 5 орында тұр.
Салада биылғы жылы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 54 жұмыс орны ашылатын 3 жобаның іске қосылуы күтілуде:
- «AYKAN» ЖШС - «Сүт өңдеу зауытының құрылысы» жобасы, шығаратын өнім түрі сүт ұнтағы мен сарысу ұнтағы. Жоба аясында 15 адам жаңа бос жұмыс орнымен қамтылмақ.
- «ELIT STRОY M&A» ЖШС - «Тауарлы бетон мен асфальт-бетон қоспаларын өндіретін зауыт құрылысы», жоба аясында 14 адам жаңа бос жұмыс орнымен қамтылмақ.
- «Көктал групп» ЖШС - «Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы», жоба аясында 25 адам жаңа бос жұмыс орнымен қамтылмақ.