Түркістан облысының Сайрам ауданын ел тұрғындары ауылшаруашылығы, оның ішінде ет, сүт, мал шаруашылықтары дамыған өңір ретінде жақсы таниды. Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға ден қойылған. Шаруашылық саласы бойынша үздіксіз жобалар ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдау табуда.
Карантиндік режимге қарамастан, аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы жұмыстары мерзімінде жүргізілді. Яғни, көктемгі дала жұмыстары оңтайландырылған мерзімде аяқталып, мал басы өсімі тұрақты сақталды.
Ауыл шаруашылығына жыл басынан 1,2 млрд.теңге инвестиция тартылған. Былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда 5,2 есеге өскен. Қайнарбұлақ ауыл округінде "Almaly S" ЖШС-гі жаңадан 120 га қарқынды бау егілді. ЖК З.Аликулов күніне 100 ІҚМ (ірі қара мал) соятын «TURKISTAN ЕТ» мал сою алаңын іске қосты, Қожақорған ауылында 24 га жерге жеке кәсіпкер Тажиев тамшылатып суғару әдісімен пияз екті.
Міне, осынау жетістіктердің барлығы ауданда тұрып жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан халықтың тынымсыз еңбегінің арқасы. Еңбек еленбей қалмайды.