Шардара: 1 жылда 2 өнімнен 1 миллионнан аса таза табыс табады

Қысқаша

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің 1 алқаптан 2-3 өнім алу тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы ауданда

Бір жылда екі рет өнім алмақ - OKG.KZ

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің 1 алқаптан 2-3 өнім алу тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы ауданда 72 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда 1-ші дақыл 331,5 га жерге егілді. Осы  алқаптан өнімдер жинап алынған соң 2-дақыл 112,3 га жерге орналастырылады. Алдын ала болжамдық есеп бойынша 331,5 га жерге егілген дақылдардан 1-өнімнен орта есеппен есептегенде 148,72 млн теңге таза табыс немесе 1 га жерден 448 627 теңге таза табыс алады. Осы сияқты 112,3 га жерге егілген дақылдардан 2-өнімнен орта есеппен есептегенде 95,95 млн теңге таза табыс немесе 1 га жерден 854 408 теңге таза табыс алады. Жалпы 1 жылда 2 өнімнен 1 303 035 теңге таза табыс табады. 

Жаушықұм ауыл округіндегі «Тұрар» шаруа қожалығы (төрағасы Ю.Ан) ағымдағы жылы ерте көктемде егілген 6 га қырыққабаттан 1-өнім алынған өнімнің Ресейдің Омск қаласына 100 тонна, Белорус Республикасына 190 тонна, Шымкент қаласына 20 тонна жіберді. Сондай-ақ, 15 тонна қырықабатты Жаушықұм ауыл округі және қала тұрғындарына тегін таратты. Қоссейіт ауыл округіндегі «Мақсат» ш/қ төрағасы Ж.Қойбағаров 4,5 га жерге пленка астына егілген қарбыз дақылының салмағы 2-3 кг болған кезде, қарбыз араларына кеш пісетін қауын егіп, екінші өнім алуда. Көксу ауыл округінен «Үкіт» ЖШС (директоры  А.Дауренбеков) жыл сайын алғашқы еккен қарбыздарын артып болған соң, ескі пленканың бәрін жинап шығады. 

Сонымен бірге, алқаптағы ескі пәлектің бәрін  шауып алып тастайды да, қарбыздың түбіндегі негізгі сабағын бір қарыстай қалдырып кетеді. Содан соң қайта суарып, тиісті тыңайтқышты беріп, қайтадан күтім жасауды бастайды. Бірінші өнім гектарына 30 тоннадан 50 тоннаға дейін берсе, түбінен қайта өскен екінші өнім 20-25 тонна береді. Есесіне, жер айдалмайды, жаңадан тұқым себілмейді. Ең бастысы – артық шығынсыз жұмыс атқарылады. 

Сондай-ақ, ауылдағы тұрмысы төмен бірнеше отбасыға «Біз біргеміз» акциясы аясында ұн, май, басқа да азық-түлік себеттерін таратып берді. Өнім пісетін, берекелі күзде мұндай тірлікті тағы жалғастырады.

Бүгінгі күнде аудандағы шаруалар бірінші жоңышқа орақ 13953 га жердегі өнімді жинауды аяқтады. Ауыл округіндегі шаруалар 33539 тн астам бақша өнімдерін Ресей Федерациясына, шет елдерге экспорттады. Қазіргі кезде 18225 га жерге егілген мақталыққа үшінші культивация жүргізу аяқталып,  төртінші культивация жүргізілуде.


    A+
Уақыты: 2020-08-25  Айдарша: Өңір
TAG: