Шардарада ауыл шаруашылығы қарыштап дамып келеді

Қысқаша

Шардарада бүгінгі күні ауыл шаруашылық саласы қарыштап дамып келеді. Ауданда ауыл шару

Архивы Мал шаруашылығы - elorda.info

Шардарада бүгінгі күні ауыл шаруашылық саласы қарыштап дамып келеді. Ауданда ауыл шаруашылық саласына басымдық берілгенімен, өнеркәсіпті дамытуға да ерекше мән берілуде және де инвестиция тарту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. 

Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 6 486,6 млн теңгені, 
нақты көлем индексі 103,5% құрады. Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 398,8 млн.теңгені құрады.

Ауданда бүгінге дейін күздік бидай - 1089 га, арпа – 1648 га,   күріш - 1419 га, дәндік жүгері – 3000 га, маш – 598 га, мақта - 18225 га, ескі жоңышқа – 13953 га, жаңа жоңышқа – 4572 га, сүрлемдік жүгері – 3608 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 10338 га жерге егіліп, күздік бидайдан 3278 тн, жаздық арпадан 4384 тн өнім жиналды. Сондай-ақ, бақшадан 214300 тн, көкөністен 17240 тн, картоптан 1960 тн, жаңа жоңышқадан 9144 тн, ескі жоңышқадан 131050 тн өнім жиналды. Өнім  жинау жұмыстары әлі де жалғасуда.  

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп, бүгінге дейін 2192,8 тонна (70,3 %) тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Субсидиялауға жататын бүгінге дейін АШТӨ-ға 8000 тонна селитра, 950 тонна аммофос, 650 тонна сульфат аммоний, 120 тонна карбамид таратылды. Минералды тыңайтқыштарды тасымалдау жұмыстары өз уақытында бітеді деп жоспарланып отыр. 

Жалпы ауданда ауыл шаруашылық саласын субсидиялау ісі, кәсіпкерлерді қолдау әкімдіктің жіті қадағалауында.

    A+
Уақыты: 2020-08-25  Айдарша: Өңір
TAG: