Шардара: «Қазақ үні» – қазақ ұлтының үні!

Қысқаша

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін екі айлық Төтенше ж

image.png

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу  үшін  екі айлық Төтенше жағдай режимі енгізілді. Шардарада ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерден басқа барлық кәсіпорындардың қызметі тоқтатылған болатын. Халықтың өмір сүру сапасын қолдау үшін әлеуметтік шаралар кешені қабылданды.
Соның бірі тұрмысы төмен тұрғындарды материалдық қолдау болатын. Осы мақсатта ауданда мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік аз қамтылған және жұмыссыз тұрғындарға көмек беру үшін, Үкімет тарапынан көптеген көмек берілуде. Сондай әлеуметтік бағдарламалардың бірі, мемлекет тарапынан 5 санаттағы көмекке мұқтаж отбасыларға қардылай және азық-түлік себетін үлестіру. Сәуір айында аудандағы 4480 адамға 5 санат бойынша 2 айлық көрсеткіш көлемінде есепшоттарына қаржы аударылса , мамыр айында 4896 адамға азық- түлік себеті тарқатылды.Шілде айының пакеті бүгінгі таңға 3271 адамға үлестірілуде. Әлеуметтік көмек беру әлі жалғасуда.

Жасыратыны жоқ, еріктілердің де ерлікке пара-пар еңбегін ерекше атауға тиіспіз. Деректерге жүгінсек, еріктілердің атқарған жұмысының ауқымы ауыз толтырып айтарлық. Аудан еріктілері халықты ақпараттандыру барысында, қоғамның назарынан тыс қалған отбасылар тізімін толықтыруға атсалысып жүр.

    A+
Уақыты: 2020-08-14  Айдарша: Өңір
TAG: