Шардара: Аудан бағбандары алғы шепте тұр

Қысқаша

Шағалалы шардаралықтардың қоржынына тағы бір марапат, даңқ! Соңғы жылдары бау бақша өс

image.png

Шағалалы шардаралықтардың қоржынына тағы бір марапат, даңқ! Соңғы жылдары бау бақша өсіруге ден қоя бастаған Шардара ауданының дихандарының көңілдері тоқ. Тынбас тірлік пен еңбек терінің арқасында аудан бағбандары бау-бақша өнімдерін шетелге экспорттауда алдыңғы қатарға шықты. 

Биылғы жылдың 6 айында ауданда бақша өнімін экспорттау 34 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін тағы да артуы мүмкін. Өйткені өңірде өнім жинау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Облысымыздың Мақтаарал,Сарыағаш, Сайрам және Жетісай аудандары бақша өнімдерін шетке шығаруға машықтанған өңірлер саналады. 

Десек те, Шардара ауданы бұл тұрғыда биылғы жарты жылдықта экспорт көлемінен үздік үштіктің қатарына еніп үлгерді.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылы ауданда 59300 гектар аумаққа ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, жылдан-жылға бақша және мал азығы саналатын дақылдарды егу мен оған деген сұраныс едәуір өскендігі байқалады.

Шардара ауданы экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Жылдар бой ай аймақта гектар суармалы жерде мақта, көкөніс, жеміс және бақша мәдениеті өсіріліп келеді.

    A+
Уақыты: 2020-08-13  Айдарша: Өңір
TAG: