Түлкібас: Шаруалар ауыспалы егін түрін қолданады

Қысқаша

Ауыспалы егістегі топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және жақсарту үшін егін егу

Құрсан Азнабайұлы Ахметов » Baraev.kz

Ауыспалы егістегі топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және жақсарту үшін егін егу кезінде алғы дақылдарды дұрыс таңдау өте маңызды. Ауыспалы егістегі ауыл шаруашылығы дақылдарының дұрыс орналасуын пайдаланғанда ғана өңделген жерлердерді жақсартуға бағытталған барлық агротехникалық шаралардың тиімділігі артады, дақылдардың биологиялық қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылады, технологияны біркелкі ыңғайлы қолдануға қол жеткізіледі және өндіріс шығындары азаяды.

Түлкібастық шаруалар да бүгінде ауыспалы егін түрін қолданып келеді. Өйткені жерді тыңайтып тұрмаса өнім беруі қиын. Сондықтан барынша күтім қажет,дейді кетпен ұстаған қауым. 


"2 гектар жерге сарымсақ егілді, оларды сатып, орнына қияр егудеміз. Екінші өнісде жақсы шығып жатыр. Су жағынан қиналмай жатырмыз, Арыс өзкнінің суынан суғарамыз", - Сабыржан Төлепбергенов - «Ерсары» шаруа қожалығының мүшесі.

Қожалық бар жоғы 5 гектар жерден 100 тоннаға жуық өнім алыпты. Сарымсақтың келісін 500 теңгеден сатса, картоп  көтересіне 100 теңгенің үсті болған. Екінші егін де пісіп саудаға түскен. 

Дихан бұйырса қиыр мен ақжелкеннен де мол өнім алуды жоспарлап отыр. Ең бастысы көкніс жергілікті нарыққа жол тартады. Бұл бағаның тұрақты болуына тікелей әсер етері анық.

    A+
Уақыты: 2020-08-10  Айдарша: Өңір
TAG: