Түлкібастық шаруалар екінші өнімін жинауға кіріскен

Қысқаша

Биыл Түлкібаста жер құнарлы болып, суару мәселелері оң шешімін тауып, шаруалар егістік

Қазақстандық жас ғалым топырағы тозған егістік алқаптарға ...

Биыл Түлкібаста жер құнарлы болып, суару мәселелері оң шешімін тауып, шаруалар егістік алқаптарының жемісін көріп жатыр. Оған себеп өңірлік шаруалардың 1 жылда бір жерден, бір емес, екі қайтара өнімдерін жинап алуы.

Ерте көктемде еккен сарымсақ пен картоптың орнына отырғызған қиярмен қызанақ қызарып піскен. Жалпы ауданда бұдан бөлек ауыл шаршуашылығы дақылдарының ішінде бау-бақша алқабы жыл өткен сайыр артып келеді. Бауда алма пісіп, жүзім самсап тұр. Жалпы жыл басынан бері 610 тонна өнім жиналған. Әсіресе Түлкібастың дәмі тіл үйірер алмасынан биыл шаруалар рекордтық өнім аламыз деп жоспарлап отыр. Жыл басында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті әкімдіктерге шаруалармен бірлесе отырып ауыспалы егін егу мен екі өнім алу мәселесін тапсырған. Бұл бағытта Нұрлан Байғұт бастаған аудан шаруаларының еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылындағы «Ерсары» шаруа қожалығы өзіне қарасты  5 гектар жерден  екіші өнімін алды. Шаруа биыл көктемнің қолайлы сәтін пайдаланып  жерге сарымсақ пен картоп көшетін отырғызған. Оны шілдеде қазып алып орнына қияр мен ақжелкен егіпті. Олар да пісіп тұр. Қожалық жылда жазғы маусымда ауылдың 15 азаматын тұрақты жұмыспен қамтиды.

    A+
Уақыты: 2020-08-10  Айдарша: Өңір
TAG: