Ауыл шаруашылығы дегеніміз, ол – біздің кең-байтақ жеріміз, төрт түлік малымыз және егіні мол аймақтарымыз. Осының барлығы бізге табиғат берген ең үлкен байлық деуге болады. Қазақстан мал шаруашылығын атадан кәсіп еткен ел. Сондықтан малды біз секілді жақсы игерген елдің шаруашылықтың осы түрімен айналысуы аса тиімді.
Сайрам ауданында бүгінде мал шаруашылығы саласын дамытуға зор көңіл бөлінгендіктің арқасында оның серпінді дамып келе жатыр. Оның ішінде әсіресе мал өнімдерін өндіру, оны елге экспорттау мәселесі де өз шешімін тауып келеді.
Өңірде сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 31 жанұялық сүт аулаларын құру тапсырмасы берілген, бұл көрсеткіш 27 бірлікке орындалған немесе 87% орындалды.
Ағымдағы жылы қой етін экспорттау бойынша жоспар 500 тонна болса, 6 айда 84 тонна қой еті экспортқа шығарылды. ІҚМ еті экспорттау бойынша тапсырма 2000 тонна, орындалғаны 1638 тонна.
Аудан аумағында асыл тұқымды ІҚМ басын арттыруға бағытталған іс-шаралар негізінде Қарабұлақ ауыл округіндегі орналасқан «Зафар» ШҚ және ЖК «Раимкулов» шаруашылықтары шет мемлекеттен 212 бас асыл тұқымды аналық мал басын сатып алды.