Ордабасы ауданында коронавирусқа қарсы түсіндірме жұмыстары мен бағаны бақылауда ұстау жұмыстары бүгінге дейін жалғасып келеді. Ауданда құрылған арнайы 4 мониторингтік топ жүйелі түрде ауданда барлау жұмыстарын жүргізіп жүр.
Сол мобильді топ мүшелері Ордабасы ауданына қарасты Қажымұхан, Қараспан секілді бірқатар ауыл округінде орналасқан сауда нүктелері, азық-түлік дүкені, базар және бөлшек сауда орындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуына монторинг жүргізіп, бірнеше күнге созылатын карантин шектеулері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, бетперде тағу, санитарлық-гигиеналық тазалық ұстау және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертіп келеді. Сонымен қатар, Бас санитар жариялаған қаулыда көрсетілген шектеулерге байланысты жабылатын кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, қайта ашып жұмыс жасайтын жағдайда айыппұл салынатынынан хабардар еткен.
Естеріңізге сала кетейік, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемді жайлаған короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимін тағы екі аптаға созуды тапсырған болатын.