Ордабасы: Оңды істер көп

Қысқаша

Ордабасы ауданы бүгінде күн санап көркейіп, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан алға ілг

image.png

Ордабасы ауданы бүгінде күн санап көркейіп, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан алға ілгерілеушілік байқалады. Жуырда ауданда тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша да жоспарлы әрекеттер жасалып жүр.

Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2019 жылдар аралығында Ордабасы ауданында инвестициялық құны 41 млрд. 877 млн. теңгені құрайтын жалпы 20 жоба іске қосылып, 1 563 жаңа жұмыс орын ашылды.

Бірінші бесжылдықта, 2010-2014 жылдар аралығында 11 жоба іске қосылды, олардың жалпы инвестициялық құны 21 млрд. 102 млн. теңге, жұмыспен 1027 азамат қамтылды.

Екінші бесжылдықта, 2015-2019 жылдары құны 20 млрд 775 млн.тг., құрайтын 9 жоба іске асып, 536 жұмыс орны ашылды.

2020 жылы жалпы инвестициялық құны 26 млрд. 474 млн. теңгені құрайтын 4 жоба 345 жұмыс орнымен іске асырылады деп жоспарлануда.

 Ағымдағы жылы туризм саласында да оң өзгерістер орын алмақ. Жыл соңына дейін 118 жұмыс орнымен, жалпы құны 1 млрд. 250 млн.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның құрылысы аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда.

    A+
Уақыты: 2020-07-31  Айдарша: Өңір
TAG: