Ордабасылық диқан ерекше жемістер өсіре бастады

Қысқаша

Ордабасы тұрғындары ауыл шаруашылығына оның ішінде әсіресе егін шаруашылығымен, бағба

Танымал тропикалық жидектер мен экзотикалық жемістер - Экзотикалық ...

Ордабасы тұрғындары ауыл шаруашылығына оның ішінде әсіресе егін шаруашылығымен, бағбандықпен айналысуға бейім келеді. Аудандағы тағы бір бағбан бұл жолы ерекше жеміс түрлерін өсіруге эксперимент жасап жүр. Оның айтуынша аталған кәсіп түрі жақсы өнім алуға мүмкіндік береді екен.

Ауданға қарасты Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келе жатыр. Қазіргі таңда 1 гектарға анар, 3 гектар жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі Сейдазимов Елнұр бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 көшет лимонды өсіріп отыр. Лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда. Былтыр 1 жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған екен. Аталған кооператив 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Сонымен қатар, ауданда қарқынды бау көлемі артып келеді. Қазіргі таңда аймақта қарқынды бау көлемі 400 гектарға жуықтаған. Қажымұқан ауыл округіндегі «KazGarden» ЖШС-і жалпы құны 2 млрд теңгеге 240 гектарға бау егуді қолға алған. Бүгінде оның 60 гектарын игерген, оның ішінде 11 гектары қарқынды алма бауы, 49 гектары сүйекті жеміс-жидек. Онда 4 адам тұрақты, 55 адам маусымдық жұмыспен қамтылып отыр. 

Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір. Егін және мал шаруашылығы дамыған. Мәселен, Бөржар ауылындағы «Сабыр» шаруа қожалығы ірі қара мал мен асыл тұқымды қой өсірумен айналысады. 2005 жылы құрылған қожалықта қазіргі таңда 8383 бас уақ мал бар, оның таза тұқымдысы 4640 бас. Онда 22 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Қожалық иесі Талғат Жанысбаев шаруашылығын сүт және ет бағытында дамытып отыр.

    A+
Уақыты: 2020-07-23  Айдарша: Өңір
TAG: