Жедел-жәрдем көліктері енді науқастардың үйіне барып ем беретін болады.
Түлкібас облысының дәрігерлері жедел-жәрдем жұмысының жаңа форматын орнатуға 22 көлік бөлінді. Мұндай қолдауды ауруханаға жергілікті әкімшілік жасап отыр.
Жедел топтың жұмысын арттыру мақсатында барлық ауылдық округ пен кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға берді. Бүгінде 22 бригада ауыл-ауылды аралап үйлерінде сырқаттанып жатқан науқастарға қол ұшын созуда.
"Жас кешу ауылдық бригадасының құрамында 1 мобильдік топ бар. Ол мобильдік топтың құрамына 2 тәжірибелі дәрігер, 3 медбике кіреді. Біздің негізгі міндетіміз, симптомсыз және жеңіл симптомды науқастарды бақылауда ұстау", - дейді Шолпан Ниязалиева- Түлкібас аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері.
Қызмет көрсетудің жаңа форматына аудан тұрғындары да ризашылығын білдіріп отыр. Оған қоса ауруханаға бармай ақ дәрігерлер онлайн кеңес беруде. Бұл жасы егде тартқан азаматтар үшін қолайлы. Ал, жедел топ кез-келген уақытта балтыры сыздап бауыры ауырған жандарға көмекке әзір тұр.
"Менің алғысым шексіз. Медицина қызметкерлерінің арқасында жазылып, ем қабылдап жатырмыз. Әсіресе Шолпан мен Венера қанша күнен бері қарап ем жасап жатыр. Менің жақындарым емес, шынымен маған ем көрсетіп жатыр", - дейді Татьяна Ли- Түлкібас ауданының тұрғыны.
Ауданда осылайша жедел-жәрдем қызметі жаңа форматта жұмыс істеп жатыр. Дегенмен жеке бастың саулығы үшін карантин талаптарын сақтау ауадай қажет, дейді мамандар.