Түлкібас: Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Қысқаша

Биыл бір қазақты ғана емес, барша әлемді аяғынан тік тұрғызған коронавирус індеті беле

image.png

Биыл бір қазақты ғана емес, барша әлемді аяғынан тік тұрғызған коронавирус індеті белең алды. Аталған індет көптеген елдердің экономика, мәдениет, туризм салаларына едәуір зиян келтірді. Десе де мұндай қиын қыстау кезеңде бірін-бірімізге жанашыр болып, дертке қасқайып қарсы тұрып қана жеңе аламыз. Еліміздің бүгінде барлық аудандары дамыл қақпай осы бір қиын кезеңнен шығудың жолын қарастыруда.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 17 шілдедегі №28 қаулысына сәйкес құрылған 2 жұмысшы топ мүшелері аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.у.а. С.Құлжабаев, ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а. Қ.Ошай, Майлыкент ауылдық округінің әкімі Ә.Мусралиев, аудандық ТКҚСҚББ-ның маманы А.Сағымбеков, аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Т.Ануар мен аудандық «Жастар ресурстық орталықтың» еріктілері ағымдағы жылдың 21 шілде күні сағат 10:00-ден сағат 13:00-ге дейін түсіндіру жұмыстарын «Гүлжан», «Серік» сауда орталықтарымен орталық «Береке» базарында және «Оспан» базарларында жүргізді. Шара барысында қаулыға сәйкес жұмыстары тоқтатылған нысандар бірінші кезекте тексеріліп, ешқандай кемшіліктер анықталмады. Ал аудан тұрғындарының қажеттілігіне қарай жұмыс жасап тұрған азық-түлік нысандарымен сауда орындардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақталуы бойынша жеке кәсіпкерлермен тұрғындарға ескертулер жасалында.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығына (11.07.2020 ж. берілген өзгерістермен) сәйкес, Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі аумағында орналасқан дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандырумен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша да мониторинг жұмыстары жүргізілді.

    A+
Уақыты: 2020-07-23  Айдарша: Өңір
TAG: