Түлкібаста залалсыздандыру өткелдері орнатылды

Қысқаша

Қазақстанда биылғы жылдың 16 наурызынан бастап ел президенті Қасым Жомар Тоқаевтың бұй

image.png

Қазақстанда биылғы жылдың 16 наурызынан бастап ел президенті Қасым Жомар Тоқаевтың бұйрығымен COVID 19 вирусының өршуін болдырмау мақсатында төтенше жағдай енгізілді. Осындай зұлмат кезеңде ел болып, жұрт болып жұмыла әрекет еткеніміз, төтенше жағдай режимін қатаң ұстанып, заңға бағыну аса маңызды болып отыр. Ел басына күн туғанда көмекке мұқтаж жандарға қол созып жүрген қолы ашық азаматтар елімізде аз емес.

Түркістан облысындағы Түлкібас, Жетісай аудандары мен Кентау қаласында халық көп жиналатын орындарда және ауруханалардың аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылуда. Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол. Яғни, кез келген келуші ғимаратқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өтеді.

Айталық, дәл осындай қондырғылар Түлкібас ауданындағы 10 мекеменің кіреберісіне осыдан екі апта бұрын орнатылған болатын. Яғни, "ҚазПошта"," Халық банкі", халықтық кеңсе, аудан әкімдігі, аудандық емхана, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі ғимараттарында және Шақпақ бекетінде жұмыс істеп тұр. Аталған залалсыздандыру қондырғыларын аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті мамандар қолдан құрастырып шыққан.

Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығы бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашылып, барлық қатерлі микробты өлтіре алады. Осындай кешендер алдағы уақытта басқа да аудан- қалалардағы медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылмақ.


    A+
Уақыты: 2020-04-14  Айдарша: Өңір
TAG: