Көктем келді дегенше жердің тоңы жібіп, көк көктеп, гүлдер құлпырады. Есік алдына отырғызылған гүлдер бүршік жарып, көз қуантады.
Әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусымда Түлкібас ауданына қарасты барлық елді-мекендерінде жаздық гүлдерді отырғызу жұмыстары қарқынды іске асуда.
Көктем мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. көшедегі шаңды басатып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бір жылдық және көпжылдық гүлдердің дені раушан гүл, түймедақ, лалагүл, райхан гүл, питуния, сәндігүл т.б
Бүгінгі таңда аудан көлемінде әлеуметтік нысандарға, көше бойларына жалпы алғанда 8 700 түп гүл егіліп, күн шуағына әр түрлі түсті кілем секілді жайқалып тұр. мамыр айына дейін аудан аумағындағы барлық елді мекен көшелеріне 90 мыңға жуық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Ал саналуан гүл аудан даңғылына ерекше сән беріп тұрары анық.
Түлкібаста ендігі жерде гүл егу науқаны ашық деп жарияланады. Ауданның сәнін келтіретін гүл түптерін қондыруға тұрғындар да ат салысары анық.