Түркістан облысында оқушы қыз 3-қабаттан секіріп кетті

Қысқаша

Түркістан облысында оқушы қыз 3-қабаттан секіріп кетті

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Screenshot_22.jpg

Оқиға Келес ауданында болған.

Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген бала жансақтау бөліміне жатқазылған. 

«Жағдайы ауыр болатын. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Тексеру нәтижесінде бас ми жабық жарақаты, жамбас және омыртқаның жабық сынығы анықталды. Алғашқы көмек көрсетіп, емдедік. Қазір сынық-сырқат бөлімінде ем қабылдап жатыр», — деді дәрігер-травматолог Абдусамат Утамуратов. 

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Болған оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталып жатыр.

«Сараптама тағайындалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.