Түркістан облысы дін істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында танымал дінтанушы Хасан Аманқұловпен Созақ ауданындағы №1 колледжде жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу барысында имандылық пен ұлттық құндылықтар насихатталып, белгілі ұстаз көпшілікті теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандырды.