Елімізде бір рет қолданылатын медициналық үш қабатты маскалар бағасы 118-ден 85 теңгеге дейін, яғни 28% - ға төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай шешім еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.