Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші Армениялық көліктерін тіркеді

Қысқаша

Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші Армениялық көліктерін тіркеді

image.png

Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков айтып өтіп, тұрғындарға Армениядан әкелінген көліктерін 1 қырқүйекке дейін уақыт бар деп жүре бермей, ертерек тіркегендері дұрыс екенін жеткізді.

Одан бөлек «Армениядан әкелген көліктерін басқа біреуге сатып жіберіп, таппай жүрген жағдайда полицейлер көмек беретінін айтты. Яғни ҚР ІІМ деректер базасы арқылы табуға мүмкіндік бар. Құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі де оң назарда. Ең бастысы міндетіміз тұрғындарға заң аясында көліктерін тіркеп, мемлекеттік нөмір беруге қолдау білдіру»-деді өз сөзінде поиция полковнигі.

Өздеріңізге белгілі, Үкімет қаулысына сәйкес 1 маусымнан бастап ҚР азаматтарына Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталған болатын. Ол үшін үш төлем жасалады. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды. Облыс тұрғындары естеріңізде болсын, Армениялық көлігіңізді 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болады.