Көбелектің иісі – жұпар аңқиды

Қысқаша

Көбелек – табиғаттағы ең құпия жаратылыстардың бірі. Мұндай ғажайыптың қайталануы мүмкін емес.


бабочки.jpg

Адам көргісіз дернәсілден тап бір суретші салып қойғандай өрнекті қанаттары бар сұлу жәндік шыға келеді. Ал оның ешкімге зияны жоқтығы тағы бір бөлек әңгіме. Әрбір көбелектің өзіне тән иісі бар. Кейбір көбелектерден ванильдің, шашақгүлдің, бүлдіргеннің, қазтамақтың, шоколадтың иісі мүңкіп тұрады. Ал аталық ақ көбелектерде қызыл қазтамақтың, лимон гүлінің иісі бар екен. Бірқатар көбелектер коллекция үшін препаратталғаннан кейін де тартымды иісін сақтап қалады. Көбелектер коллекциясымен айналысатын бір ғалым ылғи да өзімен бірге тропикалық көбелектің біреуін алып жүреді екен. Ол адамдарға осы иістен ләззат алатынын айтады. Ал Бразилияда шоколадтың өткір иісін шығаратын көбелектер мекендейді. Адамдар бөлме ауасын иістендіру үшін осы көбелектерді арнайы ұстайды екен.


Рейтинг газеті