Қыс ызғары жақындаған сайын жылу проблемаларының құлағы қалқия бастайды. Күн суыған кезде осындай қиындықтарға тап болмас үшін жылу маусымына дайындықты жаздан бастау керек. Дәл осындай қағиданы ұстанатын Түлкібас ауданының басшылары биыл қыста тұрғындар жаурамайды дейді. Әсіресе мектеп оқушылары қыс айларында сабақты жылы кабинеттте өтеді дейді.
Салаға жауапты мамандардың мәліметінше бүгінгі таңда ауданға қарасты 60 мектеп пен 18 балабақша және өнер мектебі жылу беру маусымына 100 пайыз дайын.
Жылдағы дәстүрге сай аудан әкімдігінің жанынан құрылған комиссия 2019-2020 жылғы жылу беру маусымының алдында білім беру нысандарын пайдалануға техникалық дайындығын тексеріп, қабылдап алды.
Әр нысандағы автономды жылу қазандықтары мен жылу жүйелері ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап мердігер мекеме ЖК «BostonLTD» гидравликалық жоғарғы қысымдықпен тексеріліп, жуып шаю актілері мен іс-шаралар түзілді. Гидравликалық сығымдау барысында ешкандай ақау анықталмады.