Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев бастаған жұмысшы топ, аудан орталығындағы «Әуес» және басқа да сауда кешендерінде болып, халық тұтынатын азық-түлік өнімдернің бағасына талдау жүргізді. Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша мамандар сондай-ақ кәсіпкерлер ашқан наубайханаларда болып, тұрғындардың тұтынуына дайындалып жатқан нанның сапасына, тазалығына зерделеу жасады. Атап айтқанда алдымен жұмысшы топ Орталық базар қасындағы наубайхана иелерімен тілдесу барысында антисанитария талаптарына сай жұмыс жасамай жатқаны анықталып, ол бойынша тиісті хаттама түзіліп, ескерту берілді. Бағаны бақылау барысында тұрғындар да нан сататын кәсіпкерлердің гигиеналық талаптарды орындамайтынын айтып шағымданды. Бұл бойынша да кәсіпкерге арнайы мекеме өкілі ескерту беріп, алдағы уақытта кемшілікті жоймаған сәтте, заң талаптарына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті. Жұмысшы топтың келесі бағыты Орталық базар ішіндегі күнделікті тұрмысқа қажетті ұн өнімдері мен күріш, картоп, сәбіз, жуа, сары май, ет, сүт тауарларының бағасын көзден керумен жалғасын тапты. Аталған өнімдерді бақылау барысында кей-бір азық-түлік өнімдерінің бағасы асқандығы анықталып, тиісті ескертулерін жасады.