«Бақытты отбасы» нәтижесін беруде

Қысқаша

«Бақытты отбасы» нәтижесін беруде

Screenshot_5.jpg 

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы Шардара ауданында өз дәрежесінде жүзеге асып келеді. Апта басында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғали Қарымсақов пен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева бірқатар білім мекемелерін аралап, партия жобасының қай деңгейде орындалып жатқанын саралап көрді. Алдымен қаладағы Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектепте болған аудан басшылары асханадағы тамақтану орнын, сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған логопункт жұмыстарымен танысты. Мектеп директоры Гүлнар Айдарханова «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы бойынша және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жүзеге асып жатқан шаруалармен таныстырып шықты. Мектептен тыс мекеменің бірі – аудандық балалар саз мектебінде де аталмыш жобаны қолдауға арналған шаруалар көп-ақ. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда хабарлайтын №111 сенім телефоны көрнекті жерге ілінген. 

«Бақытты отбасы» жобасы Ұзын ата жалпы орта мектебінде тиісті дәрежеде жүргізілуде. Мектеп директоры Әсем Төреханова аудан басшыларын мектептің тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, әр сәрсенбіде оқушыларды арнайы қабылдап, «Оқушы үні» сағатын өткізетінін мәлімдеді. Жаңа оқу жылы басталғалы осы қабылдауға 30-40 оқушы жазылып, емін-еркін ашық әңгіме жасалыныпты. Мектеп асханасы мен спорт залы, музей, логопункт кабинеттерін көріп болған соң, жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып жатқан «Өмірді танып-білуге құштарлық» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. «Дарында да білімді балалардың бәрі ауылда екен. Мұндай жастарды біздер өзімізге тартуымыз қажет. Елдің ертеңгі болашағы осындай білімді де батыл, сөзге шешен, өзінің ойлаған мақсатына жету жолында күресе білетін азаматтардың қолында екені белгілі, - деді «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғали Қарымсақов.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан жалпы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.