Атаулы көмекке кәсіп ашқан

Қысқаша

Атаулы көмекке кәсіп ашқан

Screenshot_7.jpg

Бүгінде «Атаулы әлеуметтік көмек» жобасы талай отбасының берекесін кіргізіп, тұрмысын түзеді. Солардың бірі Сарыағаш қаласының тұрғыны Бахтияр Лесбеков.  Жақында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр Лесбековтердің отбасына арнайы ат басын бұрды.  Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімнің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекеттен тағайындалған 861 504 теңге шартты ақшалай көмекке қол жеткізген аз қамтылған көп балалы отбасы өзінің жеке кәсібін ашты. Қазіргі таңда бес баланың әкесі Бахтияр тұрақты жұмыспен қамтылған, ал жұбайы тұшпара өндіру  кіші кәсібін дөңгелете отырып, қосымша екі азаматшаны жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсібін бұдан әрі дамыту үшін отбасы мемлекеттен берілетін қайтарымсыз «Грант» 500 000 теңге алуға ниет білдіріп отыр. «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасына қатысып көптен армандаған кәсібін жүргізуге қол жеткізген отбасының табысы ұлғайды. Ербол Садыр өз кезегінде көп балалы отбасыға сәттілік тілеп, мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланған отағасына алғысын білдірді.