17 секторда жұмыс қызып тұр

Қысқаша

17 секторда жұмыс қызып тұр

Screenshot_16.jpg

Арыстағы жағдайдан кейін арнайы ұйымдастырылған штабтың іс-шарасына сәйкес қала 17 секторға бөлініп, 17 сектордағы әрбір көше, әрбір зақым келген үйлерді анықтау, оларға кететін құрылыс материалдары, кеткен шығынның қаржысын есептеу облыстағы аудандарға берілгені белгілі.

Ал, Қазығұрт ауданына №17 сектордағы жоғарыдағы жұмыстарды жүргізу тапсырылған. Оған аудан әкімінің орынбасары С.Нұрманов басшылық жасауда. Бұл секторда 450-ге тарта үйлер мен әлеуметтік нысандар бар. Қазіргі таңда 40-тан астам жұмысшылар ауданға бөлініп берілген 11 көшені тазалауды және әрбір зардап шеккен қора жайларды, зақымданған үйлерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 Бұл іске күніне 5 арнайы техника тартылуда. Ауданнан көмекке барған жұмысшылар мен жастар мектептің спорт залына жайғасқан. Оларға тиісті жағдай жасалған, жұмыс киімдері, тиісті құралдармен қамтамасыз етілген. Әрбір жұмысшының айлық жалақысы сақталып, арнайы іссапар ақысы төленуде.

 Арыс қаласында облыстың барлық аудандары мен республиканың облыс және қалаларынан келген құрылысшылар мен еріктілер өз жұмыстарын бастап кеткен. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев күнделікті жұмыс барысын өзі аралап көріп, бақылауда ұстауда. Басты мақсат – бір ай көлемінде Арыста орын алған жарылыс зардаптарын жойып, арыстық бауырларға тиісті жағдай жасау. Осы игілікті істің басы-қасында қазығұрттық жұмысшылар да уақытпен санаспай, белсенділік танытуда.