Таза қала - сәнді қала!

Қысқаша

Таза қала - сәнді қала!

Screenshot_4.jpg

Қаланың көркі әсем ғимарат, кең көшелер ғана емес сонымен қатар тазалық та шаһарға сән береді. Тазалық бар жерде тәртіп те болады. Осы орайда Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қаланы таза ұстау мақсатында сенбілк секілді шараларды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Әкімнің тапсырмасына сәйкес, Кентауда жаппай тазалық жұмыстары басталды. Қаланың тазалығына жауапты мекемелер мен ақылы қоғамдық арқылы келген жұмыскерлер және "Жас ел" бағдарламасымен қала жастары біріккен үлкен шара бастау алды. Бұл ауқымды шара жаз бойы жалғасын таппақ. Мұнда барлығы қаланың қураған шөптері мен шашылған қоқыстарынан тазартады. 

    Қала-баршаға ортақ. Сондықтан қаланың тазалығына кез келге қала тұрғыны өз үлесін қоса алады. Тұрғындар өздері орналасқан аймақтың жан - жағын тазартып, қоғамның тазаруына атсалысса нұр үстіне нұр болар еді дейді қала жастары. Сондай-ақ өз құрдастарын қаланың тазаруына, әсем қалыпқа енуіне тамшыда болса үлес қосуға шақырады.